Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да жоғары сынып оқушылары мектептен оқиды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2021 23:59 zakon.kz
...Ата-аналар қоғамы алаңдап отыр. Олар жергілікті мектептегі жоғары сыныптардың қысқаруы оқушылардың сабақ үлгеріміне кері әсер ете ме, деп қорқады - Даниал Ахметов.

Шығыс Қазақстан облысында ауылдағы жоғары сынып оқушылары мектепке барып, сабақ оқиды. Бұл туралы өңір басшысы Даниал Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бесқарағай ауданына қарасты Долон ауылының тұрғындары маған Долон орта мектебінің бұрынғы мәртебесін қалдыру туралы өтініш білдірді. Ата-аналар қоғамы алаңдап отыр. Олар жергілікті мектептегі жоғары сыныптардың қысқаруы оқушылардың сабақ үлгеріміне кері әсер ете ме, деп қорқады. Долон ауылы округтің орталығы және тарихы тереңде жатқан өлке. Мұндағы орта мектеп көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді және өз қағидалары мен дәстүрлері қалыптасқан. Мұғалімдердің бірнеше буыны қалалық мектептерден қалып қоймай, керісінше озат оқу орны болуы үшін барлық күш-жігерлерін, білімдері мен тәжірибелерін жұмсады. Сондықтан, олардың сарп еткен еңбектері еш кетпейді, төккен терлері ескерусіз қалмайды және болашақта оқушылар саны арта түседі, деп үміттенеміз. Біз мұғалімдердің еңбегін ғана емес, әрбір ауыл еңбеккерін де жоғары бағалайтынымызды ерекше атап өткім келеді. Сондықтан, Долон тұрғындарының өтінішін қанағаттандырып, 11 сынып оқушыларының өз мектептерінде білім алуларына мүмкіндік беруіміз керек. Осыған байланысты білім басқармасына аталмыш мектепте жоғары сыныптарды қысқарту туралы асығыс шешім қабылдағандары үшін ескерту жасаймын, деп жазды облыс әкімі Facebook-тегі парақшасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: