Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда жем-шөптің қымбаттауының басты себебі аталды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.08.2021 23:27 pixabay.com
Министрдің айтуынша, бағаның қымбаттауына жем-шөп жетіспеушлігі емес, кейбір сарапшы-сымақтардың болжамы ықпал еткен көрінеді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша сөз алып жүрген жеке сарапшылар мен талдаушылардың айтқаны мал азығы бағасының өсуіне себеп болды деп есептейді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Барлығыңыз көріп отырғандарыңыздай, қазіргі кезде жеке "сарапшылар" мен "талдаушылар" қысылтаяң жағдайды пайдаланып, рейтинг, бедел жинау үшін ақпараттық соғыс жүргізуде. Тұрақты объективті ақпарат болмаған жағдайда, жұрт мұндай сөзге еріп кетеді. Ал мұндай дүрмектен зардап шегетін тағы да фермерлер, осындай қара пиар-акциялардың кесірінен онсыз да қымбат жем-шөп әр уақытта қымбаттай түседі. 3 миллион бас қырылады деген дақпырттан соң шөп пен кебектің бағасы тағы қымбаттап шыға келді, - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, бұл мәселеде аймақ басшылары жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдарына мүмкіндігінше ашық болуы керек, сондай -ақ жем-шөпті сатып алу жұмыстары туралы және бар проблемаларды шешу үшін қабылданған шаралар туралы уақытылы мәліметтерді жария етіп отыруы тиіс.

Қарашөкеев бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылықты жергілікті жедел штаб отырыстарына шақыруды да ұсынды. Осылайша жеке тұлғалар өрбітіп жүрген малдың қырылуы, жұт және ашаршылық туралы негізсіз ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сауатты түрде жоққа шығаруға болады.

Ол барлық бұйрықтардың орындалуын жеке бақылауға алатынын айтты.

Бұған дейін Ербол Қарашөкеев көпті құрғақшылық пен мал азығының жетіспеушілігінен малдың жаппай қырылуы орын алған Маңғыстау облысының фермерлеріне көмектесуге шақырды. Министрлік қызметкерлері өздерінің бір күндік жалақысын мұқтаж фермерлерге көмек ретінде аударатын болды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: