КВИ-ден көз жұмғандардың 97,7% - екпе алмағандар

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 16:15 zakon.kz
Вакцина алмаған адамдар арасындағы өлім-жітімнің шекті көлемі 97,7%, ал вакцина алғандарда 2,3% құрайды.

Вакцина алмағандардың коронавирус жұқтырып, оның өлім-жітімге соқтыру ықтималдылығының көрсеткіші 97,7 пайызды құрайды, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Вакциналаудың тиімділігін бағалау кезінде науқастардың 99,9% екпе алмағандар екені анықталды. Сонымен қатар, вакцина алғаннан кейінгі ауру жұқтыру жағдайларының үлесі 0,1% құрады. Вакцина алмаған адамдар арасындағы өлім-жітімнің шекті көлемі 97,7%, ал вакцина алғандарда 2,3% құрайды. Онда да вакцина алса да көз жұмғандарда қосалқы өзге ауыр әрі қатерлі дерттері болды. Бұл КВИ зардаптарының алдын алуда вакциналаудың тиімділігін тағы бір рет дәлелдейді, - деді Цой.

Бүгінгі күні, оның айтуынша, вакцинаның бірінші компонентін 5,9 миллион адам (екпе алуға жататындардың - 59%), екінші компонентін 4,5 млн адам (45,2%) алып үлгерді.

Бірінші дозамен вакциналаудың ең төменгі пайызы Маңғыстау облысында байқалады - 33,1%. Өңірлер жеткілікті вакцинамен қамтамасыз етілген, жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде. Эпидемиологиялық жағдайды, "дельта штаммының" таралуы мен вакциналаудың кең ауқымда қамтылуын ескере отырып, болжам бойынша, біз оптимистік сценарий бойынша алға жылжып келеміз, - деді министр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: