Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңа оқу жылында оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі

Павел Михеев / zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 16:52 Павел Михеев / zakon.kz
Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылының басталуына дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

2021-2022 оқу жылында Қазақстанның 7475 мектебінде 3,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан астам бала оқитын болады. Оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі. Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын педагогтердің 93,1%-ы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлерінің 88,4%-ы вакцина алды.

Үкімет басшысы оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді барынша тездетіп шешу қажеттігін атап өтті.

Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жаңа оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуды штаттық режимде қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте әрбір мектепке дәстүрлі форматта оқу бойынша нақты ұсынымдар жеткізілуі тиіс.

Премьер-Министр осы жылғы 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100% қамтамасыз етуді, осы жылғы 20 тамызға дейін мектептерді санитариялық талаптарға сәйкес (кварцтеу, дезинфекция, маска режимі, күнделікті термометрия және т.б.) қабылдауды аяқтауды тапсырды.

Барлық білім беру ұйымдарында педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін "Ashyq" жүйесі енгізіледі.

Үкімет басшысы а.ж. 25 тамызға дейін ең алдымен, кестеден кешігіп отырған Павлодар және Түркістан облыстарында оқулықтарды мектептерге кестеге сәйкес толығымен жеткізуді тапсырды.

А.Мамин кестеден артта қалған мектептерде жөндеу жұмыстарын аяқтау қажеттігін атап өтті. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектептердің ең көп саны Алматы (9), Қостанай (6) және Батыс Қазақстан (5) облыстарында екені атап өтілді.

Премьер-Министр 25 тамызға қарай барлық білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға 100% дайын болуын қамтамасыз етуді, балалардың қауіпсіздігі, тамақтандыру және мектепке жеткізу бойынша барлық мәселелердің шешімін табуды тапсырды.

- Биылғы оқу жылының оффлайн форматта өтетінін ескере отырып, өңірлерге алдын ала қажетті нұсқаулар берілді. Оқудың басталуына үш апта қалды. Сондықтан барлық өңірлерге дайындық мәселесін тағы да пысықтау қажет. Біріншіден, әкімдіктер білім беру ұйымдарымен бірге педагогтер мен қызметкерлерді, студенттерді вакциналау процесін 25 тамызға дейін аяқтауы тиіс. Екіншіден, барлық білім беру ұйымдарының бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігіне, оның ішінде Ashyq жүесіне қосылуына ревизия жүргізілуі қажет. Үшіншіден, 1 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған мектептерді күрделі жөндеу жұмыстарын әкімдіктердің жеке бақылауына алуын сұраймыз. Әкімдіктер жалпыға бірдей міндетті білім қоры арқылы аз қамтылған отбасы балаларына көмек ұйымдастыру мәселесін қарастыруы қажет, - деді өз баяндамасында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: