Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандағы инфляция рекордтық деңгейге жетті - Ұлттық банк

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 16:56 zakon.kz
Қазақстандағы инфляция маусымдағы 7,9%-ға дейін күрт артқаннан соң да өсуін жалғастырды және шілдеде 8,4%-ға жетті, бұл - 2017 жылдан бергі ең жоғары деңгей.

Қазақстандағы инфляция соңғы төрт жылда рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстандағы инфляция маусымдағы 7,9%-ға дейін күрт артқаннан соң да өсуін жалғастырды және шілдеде 8,4%-ға жетті, бұл - 2017 жылдан бергі ең жоғары деңгей. Азық-түлік нарығындағы теңгерімсіздіктің, шикізатқа әлемдік бағаның өсуінің жалғасуы мен негізгі сауда серіктестері, әсіресе Ресейдегі инфляцияның жоғары фонында инфляцияның үдеуі тұрақты сипатқа ие болуда, -деді Досаев үкімет отырысында.

Ұлттық банкі басшысының айтуынша, бағаның жыл сайынғы өсіміне қосалатын үлестің жартысынан көбі әлі де азық-түлік инфляциясына қатысты, жаз айларында әдеттен тыс көкөністердің кейбір түрлерінің өсімі салдарынан шілдеде азық-түлік инфляциясы 10,6% -дан 11% -ға дейін өсті. Одан бөлек ет пен өсімдік майының қымбаттауы да қосымша қысым түсіріп отыр.

Азық-түлікке жатпайтын инфляция 6,9% -дан 7,2% -ға дейін көтерілді, бұл ұзақмерзімді тауарлар мен жанар-жағармай бағаларының тез өсуімен байланысты орын алды. Ақылы қызметтердің инфляциясы коммуналдық қызметтерге тарифтердің жоғарылауы мен жекелеген нарықтық қызметтерге қатысты бағаның жоғарылауына байланысты 5,6% -дан 6,1% -ға дейін өсті, - деді Ерболат Досаев.

Азық-түлік, жанар-жағармай бағасының күрт артуы, электр энергиясының қымбаттауын, бюджеттік ынталандырудың күшеюін және инфляциялық күтулердің жоғарылауын ескере отырып, Ұлттық банктің алдын ала бағалауы бойынша, 2021 жылдың соңына дейін инфляция дәлізі 6-7% құрайы деп күтілуде. Жаңартылған болжамдар биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында болатын болжамды кезең шеңберінде ұсынылады, - деді Ерболат Досаев.

Инфляциялық процестерді айтарлықтай жеделдеуі жағдайында жүргізіліп жатқан ақша-несие саясаты шеңберінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк 26 шілдеде базалық сыйақы мөлшерлемесін 25 б.п-ға - 9,25% дейін көтеру туралы шешім қабылдады, - дейді ол.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: