Қазақстан олимпиада ойындары тарихында болмаған оқиғалар рейтингісіне енді

Токио олимпиадасы аяқталды. Бірақ оның төңірегіндегі талқылаулар әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
"Хабар-24" ISPORT порталына сілтеме жасап, жазғы ойындардағы қызықты рейтингтерді жариялағанын хабарлады. Оған сәйкес, Қазақстан құрамасы ең көп спортшы апарып, бір де бір алтын алмаған құрамалардың алдыңғы үштігіне еніпті.
Көп спортшылар апару бойынша І-орында 187 спортшысы болған Аргентина, одан кейін 162 спортшысымен Мексика елдері орналасса, үшінші сатыда 97 спортшысымен Қазақстан тұр.
Ал Dailycoloradonews.com порталының мәліметінше, ұлттық құрама алтынсыз, күміссіз, 8 қола жеңіп алған алғашқы мемлекет екен. Бұндай жағдай олимпиада тарихында болмаған.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 8 қоламен жалпы медальдық есепте 83-сатыға жайғасты.