Елордалық дәрігер ковид науқастар жайлы: Өкпе ақырында жыртылады...
Елордадағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының базасындағы жұқпалы аурулар госпиталінің реанимация меңгерушісі Павел Останин санитариялық талаптарды елемеу қандай жағдайға жеткізетіні және ковидтік стационарларда қанша төсек толғаны туралы шындықты жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Біреу үйінде өмірінің соңына дейін жатады, ал енді бірі «індеттен құтылып кетемін» деп ойлайды. Түптеп келгенде жағдай қандай болып жатыр?! 40 сатурациясымен, ес-түссіз жатады. Оны қалай емдеуге болады? Біз соңына дейін күресеміз, тырысамыз. Дәл қазір "жаңа" пациенттер де, біраздан бері ауырып жатқан науқастар да бар. Реанимацияда болудың орташа мерзімі бізде 21 күн. Оң нәтиже беретін максималды уақыт — 50 күн, — дейді дәрігер.
Тек осы ауруханадан бүгінге дейін 1000-нан астам науқас емделіп шықты. Емделіп шыққандар көбейгенмен медицина қызметкерлеріне артылар жүк азаймай отыр. Тиісінше пациенттер емделіп шыққанмен дәрігерлердің қуануға мүмкіндігі болмайды. Мұнда ең жас науқас 22 жаста. Дәрігер мұнда жатқан науқастар таза ауада, қиналмай дем алуды армандайтынын айрықша атап өтті.
Басты проблема — жазда пациенттер көп. Бейтаныс адамдармен байланыс оинату, әлеуметтік тәртіптің жоқтығы айрықша әсер етеді. Жұрт өкпені жасанды желдеткішке жалғанбай тұрып, ешнәрсе әсер етпейді деп ойлайды. Сол сияқты вакцина адамды өлтіреді деп есептейтін антиваксерлер де қиналып жатыр. Ал ИВЛ аппаратта жатқанның бәрінің жағдайы бір. Антиваксерлер ауыр күйге түскеннен кейін ғана ақ пен қараның ара жігін ажыратып жатады. Өкпе шыдай алмай, "жыртылады" деп айтуға болады, — деп қосты дәрігер Павел Останин.
Сарапшылардың пікірінше, бұрын бұл ауру негізінен өкпенің зақымдалуымен ғана шектелсе, қазір пациенттер асқазан-ішек жолдарының, жүйке жүйесінің бұзылуынан зардап шегеді, бұл коронавирустың жаңа штаммы – "дельтаға" тән.
Қазір 256 пациент реанимация бөлімшесінде, ӨЖЖ-де 43 адам жатыр. Вакцинация өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да қорғауға мүмкіндік береді. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру арқылы ғана қала карантинге дейінгі режимге орала алады.