Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2021 17:42 Ақорда
Қазақстан Президенті Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісімшарт жасалмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды zakon.kz.

16-17 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер өтіп, мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын қарастырмақ. Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, үкіметаралық құжаттарға қол қойылады деп жоспарланған, делінген ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің хабарламасында.

Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалмақ.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: