Жаңалықтар тізбегі
0

Тағы бір табиғи апат: Түркия қалаларын су шайды

twitter.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2021 20:28 twitter.com
Көпірлерді, жолдарды су тасқыны шайып, электр желілері үзілді. Жараланғандар мен жоғалғандар бар. Зардап шеккен аудандарда ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

Орман өрті басылмай жатып, Түркияда су тасқыны орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Vesti.ru хабарлағандай, 11 тамызда Қара теңіз жағалауындағы Бартин, Кастамону, Синоп және Самсун провинциялары су астында қалды. Бір адам қаза тапты, жараланғандар да бар, бір адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарлайды Associated Press.

Түркияның батысы қызыл жалынмен алысып жатқанда, солтүстігінде тоқтаусыз нөсер жаңбыр жауып, алапат су тасқыны орын алды. Тасыған су көліктерді шайып, адамдар үйің төбесіне шығып, жан сақтауға мәжбүр болды.

Кастамону провинциясының Бозқұрт қаласы су тасқынынан қатты зардап шекті. Куәгерлердің айтуынша, елді-мекенді 10 минут ішінде су басқан. Кей жерлерде су деңгейі үш -төрт метрге көтерілген.

Түрік ақпарат құралдары бұл аймақтағы су тасқынына бөгеттің бұзылуы себеп болуы мүмкін деп болжады, бірақ Кастамону губернаторының әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Табиғи апат басқа өңірлерде де көптеген қиын жағдай туғызды. Көпірлерді, жолдарды су тасқыны шайып, электр желілері үзілді. Жараланғандар мен жоғалғандар бар. Зардап шеккен аудандарда ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: