Тікелей эфирде келіп түскен қоңыраудан кейін болғалы жатқан той тоқтатылды

видеодан алынды видеодан алынды
Қоңырау шалған мегаполис тұрғынының бірі 14 тамызда "Керемет" мейрамханасында той болғалы жатқанын айтқан.

Алматыда әкімі Бақытжан Сағынтаевқа тікелей эфирде келіп түскен қоңыраудан кейін алдын ала жоспарланған той тоқтатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірер күн бұрын Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Қоңырау шалған мегаполис тұрғынының бірі 14 тамызда "Керемет" мейрамханасында той болғалы жатқанын айтты.

Оны болдырмай тастауға бола ма? - деп сұрады ол.

Әкім түрғынның жеткізген ақпараты үшін ризашылығын білдіріп, мейрамханаға мониторингтік топты жіберіп, мәселенің анық-қанығын білуге ​​уәде берді.

Ал бүгін бұл тойдың болмайтыны белгілі болды.

Мейрамхана басшылығына карантиндік шектеу талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз