Өрт сөндірушілер мен әскери қызметшілерге мемлекеттік наградалар табыс етілді

ҚР ТЖМ ҚР ТЖМ
Министр марапатталушыларға ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтап, елді мекендерді ауқымды апаттан құтқарудағы көрсеткен батырығы мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғыс айтты.

13 тамызда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде Қарағанды облысының ТЖД өрт сөндірушілері мен 52859 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Олар шілде айының басында Қарағанды облысындағы дала өрттерінің жақын маңдағы елді мекендерге таралуының алдын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/1628842070_yuriy-ilin.jpeg

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Бауыржан Біләловке, Ұлан Кеңеске, Владимир Малютинге, Аятолла Нәбиевке "Ерлігі үшін" медальдарын, сондай – ақ Қазыбек Әмірбековке, Болат Оразбековке, Мәди Рүстемге, Ержан Сұлтанбековке құрмет грамоталарын табыстады. Біздің құтқарушылар дала өрттерін сөндіруге қатысқан қатысушылармен бірге Байқоңыр, Алғабас, Түйемойнақ, Пионер, Ақтас, Құлымбек, Малшыбай елді мекендерін қорғап, оттың қарқынды таралуын болдырмады. Барлығы ат салыса келе ортақ күш-жігермен 40500 гектардан астам дала өрттері жойылды, - дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/1628842100_rt-s-nd-rush-ler.jpeg

Министр марапатталушыларға ауыл шаруашылығы алқаптарын сақтап, елді мекендерді ауқымды апаттан құтқарудағы көрсеткен батырығы мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін алғыс айтты.

Марапаттау рәсімінен кейін Қарағанды облысының өрт сөндірушілері мен әскери қызметшілері үшін ҚР Ұлттық музейінде және №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде экскурсия өткізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз