Ерлан Қожағапанов Мәдениет және спорт министрлігін бөлуге қатысты пікір білдірді
видеодан алынды
Бұл арада спорт мәселелеріне жекелей жауап беретін жеке министрлік құру туралы айтылып отыр.
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов министрлікті екі мемлекеттік органға бөлу туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Бұл арада спорт мәселелеріне жекелей жауап беретін жеке министрлік құру туралы айтылып отыр.
Бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан мұндай ұсынысты естіп-оқыдық. Алайда, мұны басшылық шешетінін түсінетін боларсыздар, мемлекет басшысы, премьер-министр дегендей. Бұл жерде біз елдің жоғарғы басшылығының шешімдеріне сүйенетін боламыз, - деп жауап берді Ерлан Қожағапанов.
Мұндай ұсыныс Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін айтыла бастағанын еске саламыз.
Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков 2020 жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының нәтижелеріне талдау жасалатынын айтқан болатын. Ол 10 қыркүйекке дейін спорт федерациялары егжей-тегжейлі есеп береді деп уәде берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript