Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық және мемлекеттік ЖОО ұстаздарының жалақысы қыркүйектен бастап өседі

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2021 21:16 pixabay.com
Енді олар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады.

ҚР БҒМ-ға ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР БҒМ-ға ведомстволық бағынышты жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы 2021 жылдың қыркүйегінен бастап артады. Енді олар ай сайын кемінде 200 мың теңге алатын болады. Аға оқытушының еңбекақысы кемінде 230 мың теңгені құрап, қауымдастырылған профессор – 260 мың теңге, профессор – 350 мың теңге (ұлттық жоғары оқу орындарында – 400 мың теңге) алуы тиіс, - дейді ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, бұл шешім ел Президенті Қ. Тоқаевтың жоо оқытушыларының жалақысын арттыру туралы тапсырмасын орындау аясында қабылданды. Штаттағы оқытушыларға минималды жалақы мөлшерін белгілеу туралы тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Бұл ретте, егер оқытушылардың жалақысы көтерілетін болса, онда олардың оқу жүктемесі, керісінше, төмендетіледі. Бұл мұғалімдердің ғылыми қызметпен айналысуларына мүмкіндік пен уақыттың жеткілікті болуы үшін жасалып жатыр.

Біз жоспарлы түрде оқытушылар үшін жайлы жағдай жасап, еңбекақыны және педагогтердің мәртебесін арттырып жатырмыз. Жоо оқытушыларының жалақысы да жоғарылайтын болады. Егер біз білімнің жоғары деңгейде болуын қаласақ, мұғалімдерге лайықты жалақы төлеу керек екенін түсінуіміз керек. Бұл ретте біз жоғары оқу орындары тарапынан сапалы жұмысты, ал оқытушылардан оқу процесіне асқан жауапкершілікпен қарауды талап етеміз. Бұған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы жоо оқытушыларының жалақысын көтеруді тапсырған болатын. БҒМ-ге ведомстволық бағынышты жоо оқытушыларының жалақысы 2019 жылдың қыркүйегінде 20%-ға, 2020 жылдың қыркүйегінде тағы 20%-ға өсті. Енді штаттағы оқытушылардың минималды жалақысы ай сайын 200 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар әр университет басқа да ынталандыру төлемдерін белгілеп, оқытушылардың белгілі бір жетістіктері үшін қосымшаақы төлей алады. Жоғары оқу орындарының директорлар кеңесі бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауы қажет, — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Педагогикалық жүктемеге келетін болсақ, енді бір ставканың максималды көлемі бір оқу жылында 680 сағаттан аспайды.

Айта кеткен жөн, бұрын ең төменгі жалақы мен сағаттық жүктемелерге қойылатын талаптар заңмен реттелмеген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: