Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында жаңа мектеп 10 жыл өтпей құлайын деп тұр

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.08.2021 16:54 видеодан кадр
Бұл үлкен мектеп. 300 балаға деп соғылған.

Түркістан облысы Қос төбе ауылындағы жалғыз мектеп апатты жағдайда тұр. 10 жыл бұрын ғана салынған білім ордасының іргетасы шөгіп, қабырғалары жарылып кеткен. Ғимарат құлаудың сәл-ақ алдында тұр. Ал оқу жылы жақындаған сайын оқушылар мен ата-аналар жандарын шүберекке түйіп отыр. Мектеп жартылай жарамсыз күйде, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Төлеби ауданы, Қос төбе аулының тұрғындары білім шаңырағының мүшкіл жағдайға түскеніне алаңдайды. Балаларын оқуға жіберуден қауіптенеді. Себебі, 10 жыл бұрын ғана салынған білім ордасының бір беті қисайып қалған. Нысанның құлап қалмасана кім кепіл деген жұрт жуық арада мәселенің шешілуін талап етіп отыр.

Тастан Қуатбеков, Төлеби ауданының тұрғыны:

Немере, бала-шағаны жіберуге қорқамыз. Даже оқытуға қорқып, қайта-қайта келіп қандай болып жатыр, не болып жатыр деп қарап тұрамыз.

Мектеп құрылысына бюджеттен 410 млн теңге жұмсалған екен. Алайда, жұмысына немқұрайлы қарағандар білім ошағының ішкі және сыртқы жұмыстарын жүрдім-бардым істеп кетті, дейді ашынған тұрғындар. Оны талай рет айтып, шағымданыпты да. Бір-ақ ештеңе өзгерген жоқ, дейді.

Жандос Құтымбетов, Төлеби ауданының тұрғыны:

1 жылға жетпей, алты айда бітіріп берді мектепті. Бұл плита болмай, асты әшейін топырақ болғанан кейін су кетті да канализациядан. Сөйтті да мынау отырып, дуалдың барлығы айырылып құлап жатыр.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, мектеп пайдалануға берілгеннен кейін бұл асхана мүлдем жұмыс істемеген. Қабырғалары қақырап, қорқынышты күйге түскен және қоданысқа берілген техникалардың бірде-біреуі қосылмаған.

Ал, салаға жауаптылар он жыл өтпей жарамсыз күйге түскен мектепті күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу үшін жобалық сметалық құжатқа 6 млн теңгеден астам қаражат қажет екенін айтып отыр. Білім ордасының жағдайын жақсы білетіндер ақауларын өздері тізбектеп берді.

Пернебек Асанов, Төлеби аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері:

Мектептің "Б" корпусында апатты жағдай орын алып отыр. Нақыталап айтатын болсақ, асханасының едендері 25 см шөккен, қабырғаларының 10 см жуық жарылуы байқалады. Бірінші қабатындағы еденнің топырағы отырып, оның салдарынан плиткалар қазір жарылып жарамсыз күйге түсуде. Қол жуатын орындар мен әжетханасындағы құбырлардан кейбір жерлерінен су ағады, жағымсыз иіс шығады.


Осылайша жауапты мамандар қағазбастылықтан арыла алмай жүргенде, жаңа оқу жылы да таяп қалды. Яғни, биыл да оқушылар мектепке жандарын шүберекке түйіп баруына тура келіп тұр. Себебі, жөндеу жұмыстарына кем дегенде екі жыл уақыт қажет.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: