Қазақстандықтар қай елдерге ұшып бара алады
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақстандықтардың ұшып бара алатын елдерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Ведомствадағылар атап өткендей, қазіргі уақытта халықаралық рейстер 46 бағыт бойынша 16 елге орындалады:
1. Түркия - аптасына 54 рейс;
2. БАӘ - аптасына 31 рейс;
3. Өзбекстан - аптасына 36 рейс;
4. Ресей - аптасына 10 рейс;
5. Грузия - аптасына 20 рейс;
6. Қырғызстан - аптасына тоғыз рейс;
7. Беларусь - аптасына сегіз рейс;
8. Украина - аптасына сегіз рейс;
9. Германия - аптасына тоғыз рейс;
10. Тәжікстан - аптасына екі рейс;
11. Оңтүстік Корея - аптасына үш рейс;
12. Египет - аптасына екі чартерлік рейс;
13. Нидерланды - аптасына бір рейс;
14. Черногория - аптасына жеті рейс;
15. Польша - аптасына бір рейс;
16. Армения - аптасына бір рейс.
Ұшулар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, жүзеге асырылады, - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.