ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі тағайындалды

primeminister.kz primeminister.kz
Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Умаров Асқар Қуанышұлы ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Умаров 1976 жылы Алматыда туған.

Тұран университетін бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі: халықаралық экономикалық қатынастар.

Еңбек жолын 1996 жылы жекеменшік компанияда Туристерді жөнелту бөлімінің көмекшісі болып бастады.

1997-1998 жж. — "Мәдениет мәселелері жөніндегі республикалық ғылыми орталықтың" әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлімінің жетекші маманы.

1998-1999 жж. — "Қазақстанның шағын бизнесі" журналында маркетинг жөніндегі маман.

2001-2005 жж. — "Новости недели" РГ" ЖШС тілшісі.

2005-2006 жж. — Қазақстан РТРК АҚ – Астана ТРО филиалы Ақпараттық-талдау бағдарламалары дирекциясының Алматы бюросының бас редакторы.

2007-2010 жж. — жеке компанияларда басшылық қызметтерді атқарды.

2011-2013 жж. — "Түркі академиясы" КЕАҚ вице-президенті.

2013-2014 жж. — жеке ұйымның креативті директоры.

2014-2015 жж. — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жж. — қоғамдық қордың президенті.

2017-2020 жж. — "ҚазАқпарат" ХАА ЖШС бас директоры.

2020 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін — "ҚазАқпарат" ХАА АҚ басқарма төрағасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз