Нұр-Сұлтанда жасөсіпірім сатушыны пышақтап, дүкенді тонап кетті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2021 16:34 pixabay.com
Кейін ол ұсталды. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Нұр-Сұлтанда дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған кәмелетке толмаған жасөсіпірім ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Күндіз полицияға белгісіз біреудің сатушыны пышақпен қорқытып, Тәшенов көшесіндегі дүкеннен 100 мың теңге көлемінде ақша мен ұялы телефонды тартып алып кеткені туралы қоңырау түсті, - деп хабарлады қалалық полиция бөлімінен.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті дереу ұсталды.

Тергеу барысында 17 жастағы жігіттің дүкенге кіріп, айналасына қарап, сатушыдан пышақты көрсетуін сұрағаны анықталды. Қолына пышақты алған соң ол сатушыны қорқытып, ақша талап еткен. Әйел жас жігітке шамам келеді деп оның қолындағы пышақты тартып алмақшы болды. Сол кезде оның қолына пышақ тиеді, ал қаскөй кассадағы ақшаны алып, тұра жүгіреді. Содан кейін шабуылдаушы Toyota Carina көлігіне мініп, қашып кеткен, - делінген хабарламада.

Кейін ол ұсталды. Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: