Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы тауына өрмелеген турист биіктен құлады

google.com/ Андрей Сиверцев, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 23:55 google.com/ Андрей Сиверцев
Зардап шегуші Тұйықсу ауданынан Апаттар медицина орталығына автокөлікпен жеткізілді.

Алматыда құтқарушылар тау басына шығып алған туристті эвакуациялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірнеше жарақаты бар жас жігітті Республикалық жедел құтқару жасағы (РЖҚЖ) Титов шыңынан эвакуациялады.

22 тамызда РЖҚЖ шұғыл байланыс желісіне Титов шыңына көтерілу кезінде бір адам шамамен 25 метр биіктіктен құлағандығы туралы хабарлама келіп түсті. Жәбірленуші туысына көмек сұрап, SMS хабарлама жіберіп үлгеріпті. Оқиға орнына кинологтарды қосқанда 8 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы каттанды, - дейді құтқарушылар.

Құтқарушылар жаяу жолға шықты. Жол жүру уақыты шамамен 4 сағатты құрауы керек болғандықтан, уақытты үнемдеу үшін Қазәуеқұтқарудан көмек сұрауға шешім қабылданды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.08.2021 23:55

Дегенмен жақын маңдағы Алматы құтқару қызметінің қызметкерлері зардап шегушінің алдынан шығу үшін алға жүре берді.

Биіктен шолу нәтиже бермеді, РЖҚЖ қызметкерлері тауға жаяу көтерілуді жалғастырды. Іздестіру-құтқару жұмыстары күннің қараңғы уақытында және таулы рельефте қиындады. Табылған жәбірленушінің аяқ-қолы мен басы жарақаттанған, ол қатты тоңып қалған, - дейді ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі құтқарушылар ер адамды жылы киіммен орап, тасымалдағанын айтады. Зардап шегуші Тұйықсу ауданынан Апаттар медицина орталығына автокөлікпен жеткізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: