Кәсіпкерлер үшін демалыс күндері карантиндік шараларды жеңілдету қарастырылады

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2021 15:44 pixabay.com
Бүгін Үкімет басшысы арнайы комиссияға осындай тапсырма берді.

Коронавирусқа байланысты жағдай тұрақтанған аймақтарда демалыс күндері кәсіпкерлерге шектеу шараларын жеңілдету қарастырылады. Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин осындай тапсырма берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ауруханалардағы жұқпалы аурулар бойынша науқастарға арналған орынның 49%, реанимациядағы орынның 46% қамтылған. Жалпы алғанда, вакцинаның бірінші компонентімен 6,5 миллионға жуық адам, ал екінші компонентімен 5 миллионнан астам адам егілді, - деді Мамин.

Дегенмен, ол екпе науқанын әлі де күшейту керектігін баса айтты.

Мен ведомствааралық комиссияға жағдайы тұрақтанған аймақтарда ASHYQ жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілеріне демалыс күндері шектеу шараларын жеңілдетуді қарастыруды тапсырамын, - деп сөзін қорытындылады Үкімет басшысы.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: