Астаналық ер адам дәріхананы тонады
pixabay.com
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Нұр-Сұлтанда ер адам дәріхананы тонап кетті, деп хабарлайды zakon.kz.
Жәбірленуші кешке қарай полицияға хабарласқан. Ол белгісіз біреудің өзін пышақпен қорқытып, дәріхананың кассасынан 30 мың теңгені ұрлап кеткенін айтты.
Тергеу барысында медициналық бетперде таққан ер адамның дәрі-дәрмектің бар-жоғын сұрап, кассаға келгенін анықталды. 23 жастағы фармацевт дәрі алуға кері бұрылғанда ер адам жүгіріп келіп, оның тамағына пышақ тақап, кассадағы ақшаны беруді талап етті. Ақшаны алғаннан кейін күдікті із-түссіз жоғалды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ізкесушілер айтылған белгілерге сәйкес жігіттің дәріхана жақтан жүгіріп шыққанын көрген куәгерлерді анықтады.
Компьютерлік клубтардың бірін тексергенде күдіктіге ұқсас 26 жастағы жігіт анықталды. Ұстау және жеке тексеру кезінде одан пышақ пен ақша табылды. Ол өз кінәсін мойындады, деді полициядағылар.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript