Тәліптер америкалық ұшақтар мен зымырандарды басып алды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2021 18:53 pixabay.com
Америка Құрама Штаттары эвакуация процесінің аяқталуын күтіп отыр. Содан арнайы операция жайы қарастырылады, соның ішінде әскери қоймаларға соққы беру де бар.

"Талибан" қозғалысы (Қазақстан мен басқа елдердің аумағында тыйым салынған ұйым) бірнеше америкалық ұшақтарды, әскери тікұшақтар мен танкке қарсы зымырандарды басып алды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бұл оқиға Пентагонның алаңдаушылығын туғызды. Телеарнаның хабарлауынша, тәліптер басып алған қаруды жою туралы шешімді әлі қабылдамапты.

Тәліптерге тікұшақтар мен ұшақтарды қолдану қиын болуы мүмкін, өйткені ұшқыштары жоқ әрі техникалық қамсыздандыру жағы да оларға қолжетімді емес, - дейді олар.

Америка Құрама Штаттары эвакуация процесінің аяқталуын күтіп отыр. Содан кейін арнайы операция жайы қарастырылады, соның ішінде әскери қоймаларға әуеден соққы беру де бар.

Америка әскерінің өңірден кетуіне байланысты көтерілісшілер шабуылға шығып, жиырма жылдық соғыстың аяқталғанын жариялап, барлық ірі қалаларды басып алды. Басқару формасы жақын арада белгілі болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: