Тәліптер Ауғанстанды басқару үшін арнайы кеңес құрады

Reuters Reuters
Кеңеске белгілі ауған дала командирі Ахмад-Шах Масудтың ұлы Ахмад Масудтың да қосылуын қалағандар болғанын жазды.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанды басқаратын 12 адамнан тұратын кеңес құрады.

Осылай деп Foreign Policy хабарлады.

Басылым дереккөзі хабарлағандай, кеңеске "Талибан" қозғалысының саяси қанатының лидері Абдул Ғани Барадар, әскери комиссияның басшысы, қозғалыстың негізін қалаушының ұлы Мұхаммед Якуб және "Хаккани желісі" террорлық тобының мүшесі Халиль Әл-Рахман Хаккани кіреді.

Басылым кеңеске белгілі ауған дала командирі Ахмад-Шах Масудтың ұлы Ахмад Масудтың да қосылуын қалағандар болғанын жазды. Ол қазір Панжшер провинциясында тәліптерге қарсы қозғалысты бастап жүр.

"Талибан" қозғалысы Ауғанстанда президенттік қызметті қалпына келтіруді әзірге жоспарлап жатқан жоқ. Бірқатар министр қызметтерін бұрынғы үкіметтің мүшелеріне ұсынып жатқан көрінеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз