Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның электр желілерінің 65%-ы тозған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2021 22:23 zakon.kz
2020-2021 жылдардағы күзгі – қысқы кезеңде Қазақстанның электр желілерінде 3,2 мың технологиялық бұзушылық орын алды.

Қазақстандағы электр желілері басқа инженерлік желілерге қарағанда қатты тозған. Технологиялық бұзушылықтардың саны өсуде, деп хабарлайды zakon.kz LS-ке сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірлік электр желілерінің орташа тозуы 65,4%-ды (2020 жылы – 66%) құрайды. Салыстыру үшін: 2020 жылдың қорытындысы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы 55%-ды құрады. Оның ішінде жылумен жабдықтау – 59%, сумен жабдықтау – 50%, су бұру – 56%.

Энергетика министрлігі электр желілерінің қазіргі жағдайы оның көп бөлігі 1970 жылдары құрылғанына байланысты екенін атап өтті. Дегенмен, оларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Алайда, министрліктің ақпараты бойынша, қазіргі тарифтер электр желілерін ауқымды қайта құру мен жаңғыртуды жүргізуге мүмкіндік бермей отыр. Бес жылдық кезеңге бекітілетін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары тозу деңгейін төмендету жөніндегі шараларды көздейді.

Желілерді жаңғырту бойынша жұмыстар жыл сайын және жоспарлы түрде жүргізілуде, бірақ энергия беруші ұйым қаражатының шектеулі болуына байланысты қысқа мерзімде электр желілерін жаңғыртуды жүргізу мүмкін емес, – деп түсіндірді энергетика министрлігінде.

2020-2021 жылдардағы күзгі – қысқы кезеңде Қазақстанның электр желілерінде 3,2 мың технологиялық бұзушылық орын алды, бұл 2019-2020 жылдардағы ұқсас кезеңге қарағанда 10%-ға артық.

Бүгінде Қазақстан электр энергиясымен толық қамтамасыз етілген. Осы жылдың жеті айының қорытындысы бойынша Қазақстанда өндірілген өнім көлемі 66,2 млрд кВтс құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,75%-ға артық. Тұтыну көлемі 5,73%-ға 65,4 млрд кВтс-қа дейін өсті.

Сонымен қатар, 2021 жылдың сәуірінде Қазақстан Қытай мен АҚШ-тан кейін әлемдегі майнинг бойынша үшінші болды. Сәуір айында ҚР үлесі 8,2%-ға дейін өсті.

Осыған орай, энергетика министрлігі ағымдағы жағдайларда Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде оларды тұтыну көлемінің айтарлықтай өсуі жағдайында майнинг субъектілерінің болжамды қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бос генерациялайтын қуаттар жоқ екенін атап өтті. Бұл электр энергиясының тапшылығына қауіп төндіреді.

Қазақстанда елде қызметін жүзеге асыратын майнинг субъектілерінің тізбесі қалыптастырылды. Цифрлық фермалар тарапынан электр энергиясын тұтынуға талдау жүргізіледі, сондай-ақ, жарық тапшылығын болдырмау үшін шаралар қабылданады.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті осы жылдың күзінде электр энергиясына бағаның өсуін жариялады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: