Тоқаев ядролық қарусыздану мәселелері жөніндегі танымал сарапшыны қабылдады

Ақорда Ақорда
Роберт Флойд Семей полигонының аумағы мен Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығынан алған әсерімен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының басшысы Роберт Флойдты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы австралиялық маманды Ядролық сынақтарға толық тыйым салу туралы шарт ұйымының Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы болып сайлануымен құттықтап, аталған ұйымның жұмысы Қазақстан үшін аса маңызды екенін атап өтті, делінген Ақорда сайтында.

Сіз осы саладағы тәжірибелі, ядролық қарусыздану мәселелері бойынша танымал сарапшысыз. Біз сіздермен тығыз жұмыс істеуге бейілдіміз. Қазақстан бұл ұйымның жақын әрі сенімді серіктесі болып қала береді. Менің Әкімшілігім мен Үкімет Ұйымның жұмысын күшейту мақсатымен тығыз әрі тұрақты байланысып тұрады, – деді Президент.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/1630052065_floyd.jpg

Қасым-Жомарт Тоқаев Роберт Флойдтың Қазақстанға сапары Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні қарсаңында өтіп жатқанын атап өтті. Осыдан 30 жыл бұрын Семей полигоны жабылған болатын. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары ретінде Женевадағы жұмысының тәжірибесімен бөліскен Мемлекет басшысы әлемдік қауымдастыққа ядролық қаруды таратпау және қарусыздану туралы кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды деді.

Роберт Флойд Мемлекет басшысының көрсеткен құрметіне ризашылығын білдірді.

Ұйымның дайындық комиссиясының хатшысы болып сайланғаннан кейін мен кездескен алғашқы Мемлекет басшысы – Қазақстанның Президенті болуының символдық мәні бар. Сондықтан бұл – мен үшін ерекше күн, – деді дипломат.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/1630052105_to-aev-yadroly.jpg

Роберт Флойд Семей полигонының аумағы мен Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығынан алған әсерімен бөлісті. Сондай-ақ жұмысының басым бағыттары, соның ішінде жастар мен ұйымның көрнекті қайраткерлерінің жұмыстарын ілгерілету туралы айтты.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-08/1630052125_yadroly-shart.jpg

Кездесу соңында тараптардың Қазақстанның ядролық қаруға қарсы бастамаларын ілгерілету мен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайын екендері айтылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз