Жамбылдық полиция қызметкерлері зардап шеккен ауданда қоғамдық тәртіпті сақтауда
Жамбылдық полицейлер зардап шеккен ауданда қоғамдық тәртіпті сақтауда, деп хабарлайды zakon.kz.
Polisia.kz мәліметі бойынша, Байзақ ауданында әскери қоймадан өрт шығуына байланысты Жамбыл облысы полиция департаментінің жеке құрамы тарапынан тиісті шаралар орындалуда. Полиция қызметкерлері зардап шеккен ауданда қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда.
Полицейлердің нақты және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында адамдарға уақытылы көмек көрсетілді, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Жарылыстан зардап шеккен елді мекендердің тұрғындары жедел әрекет еткені және эвакуацияға уақтылы көмек көрсеткені, сондай-ақ жеке мүліктің сақталуы мен жағдайды тұрақтандырғаны үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдіруде. Өз қауіпсіздігін қатерге тіге отырып, өзінің қызметтік борышын абыроймен орындаған орган қызметкерінің жұмысы жалғасуда.