Сембиновтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

parlam.kz parlam.kz
ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Сембинов қызметінен босату туралы өз еркімен өтініш берді.

Азат Сембиновтың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі VII шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің екінші сессиясының алғашқы пленарлық отырысында қаралды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Сембинов қызметінен босату туралы өз еркімен өтініш берді.

Осыған байланысты ҚР ОСК Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және ондағы депутаттар мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 24-бабының 3 және 8-тармақтарына сәйкес, депутаты Азат Сембиновтың қызметінен босату туралы өз еркімен білдірген өтінішін қарауды ұсынды, - деді ол.

Өз кезегінде Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Азат Сембиновке табыс тіледі.

Азат Сембинов 2021 жылы қаңтарда депутат болып сайланды, ол Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану комитетінің мүшесі болды. Кезінде кәсіпкерлікпен айналысқан. Ол 2019 жылы "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" байқауының "Іскерлік" номинациясы бойынша жеңімпазы. Отбасылық жағдайы - үйленген, бес баласы бар.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз