Мектепте "қауіпті" антисептиктер қолданылады - желідегі ата-аналар шошып отыр

zakon.kz zakon.kz
Өткен жылы білім беру ұйымдарында қойылған дезинфекциялық тоннельдер алынып тасталыпты.

Қазақстан мектептерінде денсаулыққа қауіпті антисептиктер қолданылады. Желі қолданушылары осындай хабарламаны қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл хабарлама астына пікір қалдырушылар мұның ата-аналардың балаларын вакцинациялауға ынталандыру үшін жасалып жатыр деген ой білдіреді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/1630576823_antiseptik-mektep.jpeg

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі бұл хабарламаның жалған екенін мәлімдеді.

Өткен жылы білім беру ұйымдарында дезинфекциялық тоннельдер алынып тасталды. Олар орнында тұрса да, жұмыс істемейді. Оған тыйым салынған. Бір ғана шарт – мектептерде дезинфекциялық төсеніштер болуы керек. Балаға тікелей ештеңе бүркімейді. Мектептерде қатаң бақылаудан өткен және сертификатталған антисептиктер бар. Олар ешқандай ауру жұқтырмайды. Егер ата-аналар баланың ортақ антисептикті қолдануын қаламаса, оны жеке санитайзермен қамтамасыз етуге рұқсат етіледі, – деп түсіндірді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев stopfake.kz сайтына.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз