Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан екі адам көз жұмды

Polisia.kz Polisia.kz
Көлік жүргізушісі мен жолаушы алған дене жарақатынан көз жұмды.

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1 қыркүйек күні сағат 18.25-те "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" автожолында Шұбарқұдық ауылынан 89 шақырым жерде, Ақтөбе қаласының 32 жастағы тұрғыны, "ВАЗ-2110" автокөлігінің жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Шұбарқұдық кенті бағытында келе жатып, рөлді басқара алмай, автокөлік құралының қозғалыс бағыты бойынша оң жағына аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі мен жолаушы алған дене жарақатынан көз жұмды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Аймақтың бас полицейі Атығай Арыстановтың айтуынша, апаттар туралы статистика жол қозғалысына қатысушылардың барлығы бірдей өз қауіпсіздігіне мән бермейтіндігін көрсетеді.

Барлықтарыңызды жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, жол мәдениетін, өзара сенімділік және бір-біріне құрметпен қарауды сұраймыз.

Есіңізде болсын, автомобиль жоғары қауіптің көзі болып табылады. Ережелерді елемеу қалпына келтірілмейтін салдарға әкелуі мүмкін. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз. Сізді үйіңізде жақындарыңыздың күтетінін ұмытпаңыз.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз