Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр күтілуде

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2021 17:19 Pixabay
Температура төмендейді.

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылдың 7-9 қыркүйегіне арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Республиканың көп бөлігінде фронтальді бөліктің әсерінен жаңбыр жауады: солтүстікте қатты жаңбыр болжануда.

Тек оңтүстік өңірлерде ауа-райы жауын-шашынсыз. 8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 2 градус үсік жүреді.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 жылу, солтүстікте және орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 жылу, шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 жылуды көрсетеді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 жылыға дейін күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: