Бокстан ұлттық құраманың жаттықтырушылары жаңадан тағайындалды
Ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан ұлттық құрамалардың жаттықтырушылары жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстанның ерлер арасындағы бокстан ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов басқаратын болды. Ол 2018 жылдан бері ұлттық құрама тізгінін ұстаған Ғалымбек Кенжебаевтың орнына келді, - делінген Қазақстан бокс федерациясының сайтында.
Қайрат Сәтжановтың жаттықтырушылық еңбек өтілі - 31 жыл. 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде жас боксшылар екі рет "Азия балалары" халықаралық ойындарының медальдық кестесінде алдыңғы қатарға шықты (2012 ж. - 4/2/2016 ж. - 4/4/3), екі рет әлем бірінілігінің үздік үштігіне кірді (2013 ж. - 5.02.2015 ж. - 1/1/3), сонымен қатар Азия чемпионатында екі рет жеңіске жетті (2013 ж. - 02.08. 2017 ж. - 8.02. 2).
2019 жылы Қайрат Тұрсынқанұлы Қазақстан жастар құрамасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның тәрбиеленушілері Азия чемпионатында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2019 ж. - 6/1/2, 2021 - 8/2/2) және әлем чемпионатында екінші орын алды (2021 - 2/2/1).
Сондай ақ әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі белгілі болды. Шамиль Сафиуллин өз еркімен қызметінен кеткен соң оның орнына Ерік Алғабек келді, - деп хабарлады федерациядан.
Алғабек екі жыл команданың жаттықтырушысы болды. Осы уақыт ішінде біздің команда 2019 жылғы әлем чемпионатында екі қола медальді, 2020 жылғы Азия іріктеу турнирінде бір олимпиадалық лицензияны жеңіп алды және 2021 жылғы Азия чемпионатының командалық есебінде жеңіске жетті (8/1/1).
Шамиль Сафиуллиннің жаттықтырушылық өтілі - 25 жыл. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істеген. Ол әлем чемпионатының жеңімпаздарын, Азия чемпиондарын және ҚР біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпаздарын дайындады. 2018 жылдан бастап ол әйелдер арасындағы бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді.