Қостанайда әйелге тұтқиылдан пышақпен шабуыл жасалды
pxhere.com
Аталған факті бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияның барлық жасағы күдіктіні іздеуге бағытталды.
Қостанайда әйелге тұтқиылдан пышақпен шабуыл жасалды. Оқыс оқиға 6 қыркүйек күні сағат 13: 00-де орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.
Полицияның мәліметінше, жәбірленуші мойынын жарақаттап, ауруханаға жеткізілген. Бірақ пышақ денеге ары қарай сұғылмаған.
Жәбірленуші жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда, "Достық" қонақүйінің жанында, белгісіз біреу пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаның куәгерлері полицияға қылмыс орнынан қашып кеткен күдіктінің белгілерін тізбелеп айтып берді, делінген хабарламада.
Қаскөйдің ықтимал белгілері: еуропалық, шамамен 40 жаста, қызыл спорттық костюм, басына қара кепкі киген, көзілдіргі барк. Күдіктінің бойы - шамамен 180 см.
Полиция қала тұрғындарына осындай белгідегі адамды байқаған немесе оны білетіндер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Аталған факті бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицияның барлық жасағы күдіктіні іздеуге бағытталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript