Жаңалықтар тізбегі
0

Коронавирустың ең жиі байқалатын белгілері қандай?

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 16:10 pixabay.com
Тек қана COVID-19-ға тән белгілер әлі анықталған жоқ.

Коронавирус жұқтырған науқастар көбінесе дене қызуының көтерілуіне, жөтелге және әлсіздікке шағымданады, деп хабарлайды zakon.kz.

Инфекционист Наталья Пшеничная РИА Новостиге берген сұхбатында коронавирус инфекциясының жиі кездесетін белгілері туралы айтты.

Маманның айтуынша, науқастардың көпшілігі жөтелге (57%) және дене қызуына (78%) шағымданады. Дененің қызуы көбіне 38 градустан аспайды.

Сонымен қатар, жалпы интоксикация белгілері кездеседі: бұлшықет ауыруы, бас ауруы, әлсіздік. Бұл белгілер науқастардың 15-40 пайызында кездеседі. Науқастардың бестен бірінде асқазан-ішек жолдарының аурулары байқалады (диарея, жүрек айнуы, құсу).

Ауруханада емделіп жатқан науқастардың терісінде әдетте бөртпе белгілері кездеседі. Бірақ терідегі бөртпенің пайда болуы дәрілердің әсерінен немесе науқастың басқа патологиясының өршуімен байланысты болуы мүмкін, - деп түсіндірді маман.

Ал мұрынның бітелуі, құлақ, тамақ ауруы, конъюнктивит – коронавирустың сирек кездесетін белгілері екен.

Сондай-ақ, инфекционист COVID-19-дың барлық сипатталған белгілері көптеген ауруларда кездесетінін және ондай белгілердің жұқпалы патологияға мүлдем қатысы жоқ екенін атап өтті. Тек қана COVID-19-ға тән белгілер әлі анықталған жоқ.

Бұған дейін дәрігер коронавирус пен тұмаудың аралас инфекцияларының қауіпі туралы ескерткен болатын. Ол екі инфекцияға да қарсы екпе алу қажеттілігін атап өтті. Өйткені кез келген екпе тек өзі қарсы тұра алатын микроағзалардан қорғайды. Коронавирусқа қарсы екпе тұмаудан қорғай алмаса, тұмауға қарсы екпе короновирустан қорғай алмайды деседі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: