Бағаларды тұрақтандыру үшін арнайы регламент әзірленді

pxhere.com pxhere.com
Жекеше әріптеспен бірлесіп маркетингтік талдау жүргізілді.

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шеңберіндегі тапсырмалардың орындалуы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Вице-министр жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 9,9%-ға өскенін атап өтті. Сонымен қатар, ішкі нарықты отандық өнімдермен молықтыру есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5%-ға төмендеді.

Ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 34%-ға немесе 71 теңгеге, сәбіз - 41%-ға немесе 122 теңгеге төмендеді.

Сондай-ақ, Вице-министрдің айтуынша, бір апта ішінде қырыққабат пен пияз 0,4% және 0,1%-ға арзандады.

Вице-министр инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің жобасы туралы айтып берді. Шаралар кешеніне әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу бойынша жедел және жүйелі шаралар енгізілген.

Сондай-ақ, ол Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуін тежеу мәселелерінде бірыңғай үйлестіруді жүзеге асыратын Министрлікті негізгі жауапты мемлекеттік орган ретінде айқындау жөніндегі тапсырмасын іске асыру туралы баяндады. Қазіргі уақытта осы мақсатта Салалық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік органдар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл регламентінің жобасы әзірленді.

"Регламентті ҚР Үкіметінің таяудағы отырысында бекіту жоспарлануда", - деп қосты Ержан Қазанбаев.

Аталған бастама шеңберінде мемлекеттік органдардың шекті бағалар мен сауда үстемелері мөлшерінің сақталуын бақылау; машиналық технологияларды қолдана отырып деректерді жинау және өңдеу; тауарлар бойынша болжамдарды қалыптастыру; тұрақтандыру қорлары қаражатын тиімді бөлу бойынша ұсынымдар мен "айналым схемасы" сияқты функцияларын біріктіру қажет, деп түсіндірді сауда және интегарция вице-министрі.


Ол пилоттық режимде іске қосуға дайын сауда бойынша құрылған аналитикалық платформа туралы айтып берді. Платформа онлайн-режимде азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізуге, болжамды бағаларды қалыптастыруға, сондай-ақ бағаның өсу себептері мен оларды тұрақтандыру жолдарын көруге мүмкіндік беретін математикалық модельдер құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, платформаға әкімдіктердің ахуалдық орталықтары қосылатын болады, бұл өңірлердегі бағалар бойынша жағдайды жедел режимде мониторингілеуге мүмкіндік береді.

Ұлттық тауар өткізу жүйесін (ҰТЖ) іске асыру туралы айта келе, ол ҰТЖ 1-кезеңінің құрылысы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде шарт жасалғанын хабарлады. Бүгінгі күні Шарт Қазынашылық комитетінде тіркелген және жобалау-сметалық құжаттаманы жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

КТО жаңғырту және тапсыру 2022 жылдың қаңтарына дейін жоспарланып отыр, қалған КТО құрылысын қаңтар айында бастау және 2022 жылдың тамызына дейін аяқтау жоспарланып отыр, деп нақтылады Вице-министр.

2-ші кезеңде 17 КТО салу жоспарлануда. Жекеше әріптеспен бірлесіп маркетингтік талдау жүргізілді, жер учаскелерінің 70%-ы анықталды және оларды бөлу бойынша рәсімдер басталды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз