Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте Жұманғарин тұрғын үй бағасын қалай төмендеткендерін айтты

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 21:38 inbusiness.kz
Бүгінгі күні құрылыс компанияларымен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың нормаларын сақтау туралы 7 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы сонымен тұрғын үй құрылысы нарығындағы ахуалға тоқталды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бірінші нарықтағы тұрғын үйге бағалары 3%-дан 0,4%-ға дейін, сондай-ақ екінші деңгейдегі нарықтағы тұрғын үй бағасының 5%-дан 1,1%-ға дейін төмендегені байқалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Талапты орындау шеңберінде "РАМС-Казахстан" компаниялар тобы бағаларды Алматы қаласында бірқатар тұрғын үй кешенінен шаршы метр үшін 15%-ға немесе 90 мың теңгеге дейін, "BAZIS-A" компаниясы Алматы қаласында тұрғын үй кешендеріне шаршы метр үшін 20 мың теңгеге дейін, "BI Group" Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үйінде бастапқы тұрғын үйге орта есеппен 8%-ға, Алматы қаласы бойынша 11 %-ға, Шымкент қбойынша 3%-ға, Атырау бйынша 4%-ға төмендетті. Басқа құрылыс салушылар да хабарламаларды орындап, бағаларды орта есеппен 15-20%-ға төмендетті. Бағалардың төмендеу пайызы орта есеппен 9%, төмендеу серпіні – шаршы метрге 10 000-ден 125 000 теңгеге дейін, делінген ҚР БҚДА хабарламасында.

Сондай-ақ бүгінгі күні құрылыс компанияларымен бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың нормаларын сақтау туралы 7 монополияға қарсы комплаенс актісі жасалды.

Серік Жұманғарин жыл басынан бері отандық құрылыс материалдары бағасының өсуі 25% құрағанын жеткізді.

Бұл ретте, құрылыс материалдары бағаларының өсу қарқынының өзгеру үрдісі байқалады. Құрылыс материалдары бағасының негізгі өсуі сыртқы нарықтардағы баға жағдайымен негізделген. Бұл өзгерістер арматура, кабель, профлист, шыны және т. б. құнына әсер етті. Бағаның өсуінің негізінде электр энергиясына тарифтердің орташа 12%-ға, жанар-жағар майдың 15%-ға, энергетикалық көмірдің 10%-ға, теміржол тасымалдарының 18%-ға өсуі сияқты объективті факторлар бар, олар отандық өндірістің құрылыс материалдары бағасының өсуіне тікелей әсер етті, - дейді ол.

Оның айтуынша, құрылыс материалдарының өзіндік құнындағы осы шығындардың үлесі 15-тен 30%-ға дейін құрайды. Бағаны көтерудің негізділігін қарау және сөз байласу белгілерін белгілеу мақсатында құрылыс материалдарының 25 түрі (кірпіш, бетон, арматура, цемент және т.б.) бойынша құрылыс материалдары нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізілуде.

Бұзушылық белгілерін жою және бағаны төмендету қажеттілігі туралы 75 хабарлама жолданды. Бүгінгі таңда 42 компания хабарламаны орындады, оның ішінде 35 компания бағаның төмендеуімен: арматураға – 25%, цементке – 10%, бетонға – 10%, полиэтиленді құбырларға – 6%, кабельге – 5%-дан 14%-ға дейін, кірпішке – 3%. 10 тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Монополияға қарсы бақылау шараларының нәтижесінде республика бойынша баға өсуінің ай сайынғы тренді маусым айындағы 4,2%-дан шілде айында 1,7%-ға дейін төмендетілді. Цемент, кірпіш, қиыршық тас, бетон және темір бетон бұйымдарын өндірушілермен және жеткізушілермен 10 монополияға қарсы комплаенс жасалды, - дейді Жұманғарин.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, жанар-жағармай және құрылыс материалдары нарықтарынан басқа, бұл ұялы байланыс, интернет қызметтері, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар, зертхана қызметтері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, домофондар, лифт, басқарушы компаниялар, биллингтік қызметтер нарықтары.

Агенттік барлық әлеуметтік маңызы бар тауар нарықтары бойынша тексеру іс-шараларының жаңа кешені басталғанын хабарлайды. Төлем ұйымдары қызметтерінің бағаларын, әсіресе, коммуналдық қызметтерге, мемлекеттік монополиялар қызметтеріне, мемлекеттік және жекеше операторлардың қызметтеріне ақша аудару кезінде төмендету бойынша шаралар қабылданатын болады, — деді ол.

Шағымдардың көптігіне байланысты, мұнай өнімдерін, сұйытылған газ, электр энергиясын өткізу кезінде тауар биржаларын қоса алғанда, барлық маңызды жұмыс істеп тұрған сауда алаңдары бағалық сөз байласу және сауда-саттыққа қол жеткізуді шектеу тұрғысынан тексеріледі. Осылайша, халық үшін барлық маңызды тауар нарықтарында бағаларды кешенді төмендету жұмыстары жалғастырылатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: