Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

Атырау облыстық ӨКҚ Атырау облыстық ӨКҚ
Ол Энергетика министрі лауазымынан босатылды.

ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметінен босатылып, Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалсын, делінген Ақорда хабарламасында.

Нұрлан Ноғаев 1967 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Үйленген, бес баласы бар. Ол қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік біледі.

Білімі, білігі, лицензиясы:

- И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясы (1993), тау-кен инженері

- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (1999), экономист

- РФ Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мансабы:

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш станциясында электр шебері болып бастаған.

1993-1995 ж.ж. - Мәскеу қаласындағы "Гили- Паскер" ЖШС-де мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор.

1995-1996 ж.ж. - Алматы қаласындағы "Отрар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары.

1996-2006 ж.ж - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-де инженер, бас директор.

2006 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін - "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры.

2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген.

2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін – Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін- облыс әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтарында Мемлекет Басшысының Жарлығымен Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

2010 жылы "Құрмет орденімен марапатталған.

2016 жылдың 26 наурызынан Атырау облысының әкімі.

2019 жылдың 18 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз