Дональд Трамп Холифилд пен UFC экс-файтері жекпе-жегіне комментатор болады

twitter/POTUS45 twitter/POTUS45
Холифилд - Белфорт жекпе-жегі Triller стримінен тікелей көрсетіледі. Оған жазылушылар 49.99 долларға "ресми" комментарий немесе Трамптың жүргізуімен деген нұсқаны таңдай алатыны атап көрсетілген.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бокс аңызы Эвандер Холифилд пен UFC-тің ардагер спортшысы Витор Белфорт арасындағы алдағы жекпе-жекте комментатор болады, деп хабарлайды zakon.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жекпе-жек 11 қыркүйекте өтеді.

ESPN хабарлағандай, бұл негізгі тікелей хабар емес, "геймекаст" деп аталатын, яғни шоуға түсініктеме берудің балама нұсқасы. Трансляция кезінде Ақ үйдің бұрынғы басшысының серіктесі өзінің ұлы Дональд Трамп болады. Екеуі де Флорида штатындағы Голливудта орналасқан Hard Rock Hotel & Casino аренасында болады.

Мен тамаша спортшылар мен керемет жекпе-жектерді жақсы көремін. Сондықтан сенбі күнгі кешті тамашалауды асыға күтіп, рингсайдта өз ойыммен бөлісуге әзірмін. Сіз бұл ерекше оқиғаны жіберіп алғыңыз келмесі анық, - деді Трамп мырза.

Холифилд - Белфорт жекпе-жегі Triller стримінен тікелей көрсетіледі. Оған жазылушылар 49.99 долларға "ресми" комментарий немесе Трамптың жүргізуімен деген нұсқаны таңдай алатыны атап көрсетілген.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз