Алматылық азамат тапсырыспен көлік өртеткен

pixabay.com pixabay.com
Тапсырысты орындаушылар уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Алматы полициясы тапсырыспен ұйымдастырылған автокөлік өрті қылмысының бетін ашты, деп хабарлайды zakon.kz.

Департаменттің мәліметінше, қылмыс 2021 жылда мамыр айының соңында орын алған.

Жанғыш сұйықтықты қолданған (сарапшылар растаған) үш ер адам 33 жастағы келіншектің Kia автокөлігін әдейі өртеген. Күдіктілер көлік өртін ұйымдастырғанын мойындады. Оларға қасақана от қою үшін 400 мың теңгеге тапсырыс келіп түскен, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тапсырысты орындаушылар уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Тапсырыс беруші Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. 8 қыркүйекте тергеушілер сотқа "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш түсірді, - дейді полициядағылар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз