Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда дәрі-дәрмектердің шекті бағасы бекітілді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.09.2021 21:52 zakon.kz
Тізімге енген барлық дәрі-дәрмектер саны - 7 023.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы бұйрығына сәйкес, дәрілік заттың саудалық атауына өндірушінің шекті бағалары, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағалар бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәселен, көтерме саудадағы Анальгин бағасы өндірушісіне байланысты бір қаптамасы (упаковка) 55,26 теңгеден 550,44 теңгеге дейін, бөлшек саудада - 85,65 - 798,14 теңгеге дейін деп бекітілген.

Ангисептің бағасы көтерме саудадағылар үшін 62,92 - 85,91 теңге, ал бөлшек саудададағылар үшін 97,53 - 113,16 теңге аралығында. Антигриппин бағасы өндірушісіне байланысты 388,23 - 784,74 теңге аралығын құрайды. Баралгин бағасы - 1 885,60 - 2 084,30 теңге. Валидол - 170,87 теңге.

Диклофенактың - 520 теңгеден (таблеткадан) 2 779 теңгеге дейін (көз тамшылары) деп белгіленді. Ибупрофен бағасы өндірушісіне байланысты 187 теңгеден 2329 теңгеге дейін аралықта болады.

Кардиомагнил бағасы - 483,55 - 2 397 теңге (өндіруші мен дозасына байланысты) аралығында бекітілген, Парацетамол - 30 -дан 420,48 теңгеге дейін (суспензия).

Тізімге енген барлық дәрі-дәрмектер саны - 7 023. Дәрілердің толық тізімін мына жерден көре аласыздар.

Бұйрық 2021 жылы 18 қыркүйекте күшіне енеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: