Екібастұзда мас жүргізушіні қуған полиция қызметкерлері видеоға түсіп қалған

zakon.kz zakon.kz
Жүргізуші тоқтаған соң да сыртқы шығып, жаяу қашқан. Бірақ ол бәрібір ұсталды.

Екібастұзда мас жүргізушіні қуған полиция қызметкерлерінің видеосы желіде жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тәртіп сақшылары 9 қыркүйекке қараған түні жылдамдықты асырған көлікке назар аударып, одан тоқтауды талап етті, бірақ жүргізуші тоқтаудың орнына газды басып, қаша жөнелді.

ВАЗ 2106 автокөлігінің жүргізушісі ізіне түскен полициядан жасырынып, қашуға тырысты. Ол бағдаршамның өшіп-жанған тыйым салу түсінен өтіп кетті, жылдамдықты асырды, одан кейін жөндеу жұмыстары туралы белгі мен қоршауды елемей, алға жүйткіп, ақыры апатқа ұшырады, - дейді Павлодар облысы Екібастұз қаласы полиция басқарамасының бастығы Василий Скляр.

Жүргізуші тоқтаған соң да сыртқы шығып, жаяу қашқан. Бірақ ол бәрібір ұсталды.

Жылдамдықты асырып, жүйткіп жүрген жүргізуші мас болып шықты. Оның үстіне көлік жүргізуші куәлігі де жоқ екені анықталды. "ВАЗ 2106" автокөлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды, деп толықтырды департаменттегелір.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз