Панфиловшылар дивизиясының ардагері ғасырлық мерейтойын атап өтті

ҚР Қорғаныс министрлігі ҚР Қорғаныс министрлігі
Ардагер 1921 жылдың 10 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында дүниеге келген.

Алматы гарнизонының әскери қызметшілері аты аңызға айналған Панфиловшылар дивизиясының ардагері Қайырлы Жоңқабаевқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің атынан 100 жас мерейтойымен құттықтау хатын табыс етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Радиоэлектроника және байланыс Әскери институтының әскери оркестрі майдангерге арнап соғыс жылдарындағы әндерді шырқаса, ал курсанттар мен десантшылар әскери оркестрдің сүйемелдеуімен ардагерге қарап сап түзеп, салтанатты маршпен жүріп өтті.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631271629_71ceac10-dc12-44ed-b8a3-aaa7af8b88f1.jpg

Іс-шараға Алматы гарнизонының, Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері, Радиоэлектроника және байланыс Әскери институтының курсанттары, қалалық әкімшіліктің, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ генерал Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова қатысты.

- Осындай салтанатты шараларға қатыса отырып, ардагерлер өздерін назардан тыс қалмайтынын сезінеді. Бейбіт заман үшін қосқан айтулы үлестерін ешқашан ұмытпауымыз керек, - деді Алматы қаласы бойынша Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мэлис Шәмпиев.

Ардагер 1921 жылдың 10 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында дүниеге келген. 1941 жылы кыркүйек айында Панфилов дивизиясы 23-ші гвардиялық полктің қатарына әскерге шақырылған.
Майдангердің жауынгерлік жолы сан қырлы. Қайырлы Уатайұлы соғыс басталғаннан соғыстың соңына дейін қатысты. 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада болып, Беларусь, Польша, Эстония елдерін азат етуге қатысқан. 1943 жылы ақпанда Ржевтағы қанды шайқаста жарақат алды. Дрезден түбінде жеңісті қарсы алды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін "Қызыл жұлдыз" және "Отан соғысы" ордендерімен, "Ерлігі үшін" және "Мәскеуді қорғағаны үшін" медальдерімен марапатталған.
Соғыс аяқталған соң Самар аудандық атқарушы комитетінде жалпы бөлімнің меңгерушісі, аудандық тұтынушылар одағы жүйесінде басшылық лауазымдарды, Алматыдағы жалпытамақтану жүйесінде шаруашылық есебінің директоры қызметін атқарды. 1983 жылы зейнетке шықты. Бес бала тәрбиелеп өсірді. Олардан 10 немере, 13 шөбере көрді.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631271668_aa1a859a-700c-47d4-9d95-a67d0025a988.jpg

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-09/thumbs/1631271650_fd8d1c23-9986-4239-886d-68d4a513c0c2.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз