Қазақстанның төрт облысы бойынша дауылды ескерту жарияланды

pixabay.com pixabay.com
Қатты жел тұрып, күн райы бұзылады.

11 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше облысына қатысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай жарқылайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жел тұрады, қарқыны - 15-20 м / с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда найзағай болуы мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м / с.

Жезқазғанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз желдің екпіні 15-20 м / с болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай ойнап, күн бұзылады деп күтіледі. Күндіз жел батыстан соқса, түнде бағытын өзгертіп, шығыстан тұрады, қарқыны - 15-20 м / с.

Петропавлда күндіз батыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында солтүстіктен тұрған желдің екпіні 15-20 м / с құрайды.

Оралда солтүстіктен жел соғады, екпіні - 18 м / с.

11-13 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. 11-13 қыркүйекте күндіз батыстан, солтүстік-батыстан жел тұрып, оңтүстік-батыста, облыстың батысында қарқыны 15-20 м / с болады деп күтіледі. Өрт қаупі жоғары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз