Алматы облысында медмекемеде есірткі препараттары заңсыз сақталған

pixabay.com pixabay.com
Бұл фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы, 1-бөлігі (есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу - ред.) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облысындағы медициналық мекемені тексеру кезінде есірткі және психотроптық препараттарды сақтау фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

6-12 қыркүйек аралығында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымындағы заң бұзушылықтарды анықтау бойынша "Дәрмек" операциясының тағы бір шарасы жүргізілді. Алты күн ішінде полиция 865 субъектіні тексерді, оның ішінде 599 дәріхана, 24 қойма, 205 емдеу-профилактикалық мекемесі, сондай-ақ 37 өндірістік кәсіпорын тексерілді. Нәтижесінде 1,2 тонна прекурсордың айналымына тұсау салынды, - деді Бақытжан Әмірханов брифингте.

Оның айтуынша, "Дәрмек" операциясы кезінде полицейлер тәуелділікке ікеліп соғатын есірткіге ұқсас күйге түсіретін дәрілерді дәрігердің нұсқауынсыз сату фактілерін анықтауға бағытталған.

Ол арнайы шара кезінде 18 қылмыстық құқық бұзушылық анықталғанын, оның ішінде 17 дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу ережелерін бұзу, бір заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және рецепттерді заңсыз беру немесе қолдан жасау фактілері анықталғанын айтты.

Алматы облысында медициналық мекемені тексеру кезінде есірткі және психотроптық препараттарды сақтау фактісі анықталды: лицензиясы жоқ морфиннің 417 ампуласы, промедолдың 255 ампуласы, фентонилдің 100 ампуласы, Реланиумның 140 ампуласы.

ҚР Қылмыстық кодексінің 303-бабы, 1-бөлігі (есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу - ред.) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - дейді Бақытжан Әмірханов.

Сондай -ақ, Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, бақыланатын заттардың айналымы саласында 93 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 28 объектілерді техникалық күшейту талаптарын бұзу және рұқсат беру нормаларының сегіз фактісі де бар.

Есепке алынбаған мұндай дәрі-дәрмектерді рецептсіз таратудың 57 фактісі анықталды. Қолданыстағы заңнаманы бұза отырып сақталған немесе сатылған есірткі заттарының барлығы: 1343 ампуладағы және 1000-нан астам таблетка түріндегі, психотроптық заттардың 1206 ампуласы айналымнан шығарылды, деп сөзін қорытындылады Әмірханов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз