Волейболдан Қазақстан ұлттық құрамасы тағы да ұтылды

asianvolleyball.net asianvolleyball.net
Қазақстан құрамасы біріншілік бастала салысымен, Қытай құрамасынан ойсырай ұтылған болатын.

Жапонияда волейболдан ерлер арасындағы ХХІ-ші Азия біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан волейболшылары Фунабаши аренасында екінші турда Азияның төрт дүркін чемпионы - Оңтүстік Корея құрамасымен ойнады. Қазақтар алғашқы кездесуде Тайпейден ұтылғаны аздай, бұл жолы да сәтсіздікке ұшырады.

Үш ойында да кәрістер басым болды - 25:21, 25:17, 25:16.

Енді Қазақстан кіші топтағы соңғы ойынын - 14 қыркүйек күні таңертең Сауд Арабиясымен өткізбек. Қазақстандық волейболшылар екі кезеңнен өтсе де "D" тобының турнирлік кестесінде бір де бір ұпай жинай алмады. Кіші топтың екі үздік командасы плей-оффқа өтеді.

Қуандық Шыгаслов, Жайна Тәттімбетова

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз