WhatsApp дауысты хабарды мәтінге айналдыратын болады

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 16:27 Pixabay
WhatsApp-тың жаңа қасиеті мессенджердің келесі жаңартуында пайда болуы мүмкін.

WABetaInfo порталы хабарлағандай, мессенджерде көптен күткен опция – дауысты хабарды мәтін түрінде транскрипциялау технологиясы әзірленгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай функция қазір ВКонтакте әлеуметтік желісінде бар, онда дауысты хабарлар чат ішінде автоматты түрде шифрландырылады.

WhatsApp-тың функциясы әзірге көпшілікке қол жетімді емес. Бірақ әзірлеушілер iPhone-ға орнатылған WhatsApp-та дауысты қысқа хабардың мәтінге қалай айналатынын көрсетті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 16:27

Дауысты хабар алғаш рет мәтінге айналдырылған соң WhatsApp дерекқорында сақталады. Соның арқасында кейін мәтінді қайта оқу қажет болса, оның жүктелуін ұзақ күтпейсіз.

Деректерге сенсек, мәтін онлайн-режимде түсіріледі. Егер дауысты хабар ұзақ болса, оның мәтіні керек жерін ғана таңдауға болады.

Бұл функцияның смартфондарда нақты қашан пайда болатыны және қандай тілдерді танитын болатыны әлі белгісіз.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: