Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда мемлекеттік субсидиядан 216 млн теңге жымқырылған

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 22:59 zakon.kz
Бас ұйымдастырушы мен сыбайластар әртүрлі мерзімге сотталды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген қаражатты жымқырған тұлғалар тобы қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Павлодар қаласының тұрғыны С.Мукин мемлекеттен субсидияларды заңсыз алу мақсатында Ресей аумағында ірі қара мал сатып алып, оны "Герефорд", "Симментал" асыл тұқымды қара мал ретінде көрсеткен.

Атап айтқанда, субсидиялар алуға арналған өтінімдерде ол ІҚМ туралы жалған мәліметтерді көрсетіп, ал сатып алу-сату шарттарын өзі қолдан жасаған.

Сондай-ақ, Ресей Федерациясының уәкілетті органдары асыл тұқымды мал сатып алу дерегін растамайды.

Бұдан әрі 100 мыңнан 6 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйақы үшін С.Мукин басқа кәсіпорындарға мемлекеттік субсидияларды заңсыз алуға көмек көрсеткен.

Тергеу анықтағандай, мұндай схема бойынша Павлодар облысындағы 10 шаруа қожалығы 216 миллион теңгеге заңсыз субсидия алған.

Бас ұйымдастырушы мен сыбайластар әртүрлі мерзімге сотталды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: