Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысында жүр

elbasy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 23:40 elbasy.kz
Елбасыға қалпына келтіру жұмыстары мен әскери қоймалардағы жарылыстардан зардап шеккен Байзақ өңірінің тұрғындарына көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті әлеуметтік және мәдени орындарды аралар алдында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Кездесу барысында Елбасыға қалпына келтіру жұмыстары мен әскери қоймалардағы жарылыстардан зардап шеккен Байзақ өңірінің тұрғындарына көмек көрсету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі Елбасына облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, "Nur Otan1 партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы, сондай-ақ аграрлық сектордағы мәселелерді шешуге және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы ақпарат берді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті аймақ басшылығының жұмысына оң баға берді.

Кездесуден кейін Нұрсұлтан Назарбаев "Әлжан Ана" тарихи мұражайының қызметімен танысып, мекеме аумағында ағаш отырғызу рәсіміне қатысты. Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапхана мен түрлі үйірмелер орналасқан ауылдық Мәдениет үйінде болды. Сондай-ақ мұнда 250 орынға арналған концерт залы да бар. Нысанмен танысу кезінде Елбасыға Жамбыл облыстық филармониясының әртістері мен облыстық мәдениет үйі тәрбиеленушілерінің орындауындағы музыкалық туындылар ұсынылды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен де танысты. Кешенде үлкен арена, әмбебап зал, бокс және күрес залы да бар. Қазіргі уақытта 400-ден астам балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінде спорттың алты түрінен жаттығуда: еркін күрес, таэквондо, каратэ, волейбол, футбол және бокс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: