Ұлттық тестілеу орталығын қайта құрылымдау жоспарланып жатыр

15 Қыркүйек 2021, 10:47
Сурет: zakon.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құрылымдау туралы үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

(...) Жарғылық капиталындағы мемлекеттік үлесті 100 пайыз ете отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын "Ұлттық тестілеу орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына айналдыру арқылы қайта құрылымдалсын", делінген құжатта.

Орталық қызметінің басты бағыты - білім беру саласында қызмет көрсету деп көрсетілген.

Құжат 29 қыркүйекке дейін қоғам талқысы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар
қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?