Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында QazVac екпесі құтыларға құйылады

Алматы облысы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2021 23:58 Алматы облысы әкімдігі
Барлық жабдықтар Еуропадан, Америкадан және Қытайдан әкелінді. Осылайша, халықаралық сапа стандарттары компанияға жоғары техникалық деңгейде, өндірістің барлық кезеңінде сапалы өнім дайындауға мүмкіндік береді.

Қарасай ауданы, Абай ауылында "Антиген" ЖШС базасында вакцина құюға арналған өндіріс орнын дайындау басталды. Мұнда екпенің 1 миллион дозасы құтыларғаға құйылмақ.

Құтыларды толтыру желісі асептикалық өндірістің барлық талаптары мен санитарлық нормаларына сәйкес келеді.

Барлық жабдықтар Еуропадан, Америкадан және Қытайдан әкелінді. Осылайша, халықаралық сапа стандарттары компанияға жоғары техникалық деңгейде, өндірістің барлық кезеңінде сапалы өнім дайындауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, италиялық аппараттың көмегімен вакцина бір минутта 60 құтыға құйылады екен. Әр құтыға 3 доза сияды. Демек, айына 1 миллион дозаға дейін вакцина дайындауға болады. Құюға дайындық осы жылдың сәуір айында басталды. Ал шілдеден бастап жабдықтар мен бүкіл процесті тексеру үшін 300 000 доза құйылып, әзірленді.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен QazVac отандық вакцинасы жасалды. Ал өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру үшін премьер-министр Асқар Мамин өткен жылдың 12 маусымында биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында биофармацевтикалық зауыт құрылысын бастады.

"Антиген" ЖШС-да Алматы облысы әкімдігінің "Жетісу" ӘКК арқылы жалпы сомасы 420 млн теңге соммасында лизингке 13 заманауи технологиялық жабдық сатып алынды. Қазақстан Республикасы үкіметі аталған жобаның жүзеге асырылуын бақылауға алды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осы жерге бірнеше рет келіп, дайындық барысымен танысты, - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.

Өз кезегінде «Антиген» ҒӨК ЖШС директоры Нұрлан Ахметсадықов бүгінде құйылған екпенің 300 мың дозасы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми -зерттеу институтында екенін атап өтті.

Зерттеулер аяқталуға жақын. "Антиген" ЖШС да құйылған вакциналар толық тексеруден өткеннен кейін ғана қолданысқа енгізіледі, - деді ол.

Айта кетейік, "Антиген" ҒӨК ЖШС биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында биофармацевтикалық зауыттан кейінгі екінші өндіріс алаңына айналды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: