Он бір жыл құлдықта болған әйел "Пендеміз ғой" ток-шоуына келді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2021 23:05 видеодан кадр
Қиыншылықтан көз ашпаған бұл кейіпкер Ташкент маңындағы Янгиюл ауылында туған.

"Еуразия" Бірінші арнасында "Пендеміз ғой" ток-шоуының кезекті эфирі көрермендерге жол тартты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Еуразия" Бірінші арнасындағы "Пендеміз ғой" ток-шоуының 17 қыркүйекте шыққан эфиріне еріксіз еңбекке жегіліп, құл қамытын киген келіншек келді. 11 жыл бойы Елорданың қақ төрінде құлдықтан қаша алмай, күн кешкен.

Қиыншылықтан көз ашпаған бұл кейіпкер Ташкент маңындағы Янгиюл ауылында туған. Кішкентайынан ата-апасының қолында өскен кейіпкеріміздің әкесі түрмеден босай сала қызын алып кеткен. Оның айтуынша, бұл оның ең үлкен қателігі болған екен. Туған әкесінің ұрып-соққаны аздай, кейін зорлық жасауға дейін барған. Ол жақтан қашып анасының қолына барса, мұнда да жасөспірім қызды үйге сыйғызбапты.

"Пендеміз ғой" ток-шоуының кезекті кейіпкері құлдыққа қалай түсті? Қолында құжаты жоқ қыз Қазақстанға не үшін келді? Елорданың қақ төрінде қыз-келіншектерді құлдықта ұстағанына сенесіз бе? Осы және өзге сұрақтардың жауабын білу үшін ток-шоуды "Еуразия" Бірінші арнасының YouTube арнасынан тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, "Еуразия" Бірінші арнасында "Пендеміз ғой" ток-шоуын жұма сайын, түскі сағат 13:15-те тамашалаңыздар.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: