Жеке сот орындаушылары әлеуметтік шиеленістің қоздырғышы ма

zakon.kz zakon.kz
Расында, олардың кейбірі түкке тұрмайтын айыппұлдың айналасында, түймедейді түйедей етіп, ғаламдық масштабтағы проблеманы тудыра салады...

Алматыдағы қайғылы оқиғаның шиеленісті тұсы көп, деп жазады саясаттанушы Talgat Kaliyev Facebook-та.

"Кепілге қойылған үйді біресе асыра бағалап, біресе тым арзандатып жіберген банктің бұл проблемалық активті иеленуде қолданатын құйтырқы тәсілі" деген ол өз жазбасында жеке сот орындалушылары жайына да тоқталыпты.

"...Бұл арада жеке сот орындаушыларының жұмысы - өз алдына бөлек мәселе. Расында, олардың кейбірі түкке тұрмайтын айыппұлдың айналасында, түймедейді түйедей етіп, ғаламдық масштабтағы проблеманы тудыра салады. Ол ол ма, алимент өндіріп, тып-типыл қылып алған "қарыздан" өзінің төрттен бір бөлік үлесін еш шімірікпестен ала береді. Ал енді өздеріңіз көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, жүздеген миллион туралы сөз болып жатқанда, олардың бұл іске қандай ынта-шынтамен кірісетінін. Әрине, мұндайда көбісінің жүйкесі сыр береді. Бұл факторлардың барлығын әлеуметтік шиеленістің қоздырғышы ретінде қарастырған жөн. Ал біз айналамыздағы осындай көзге бірден түсетін өрескел жағдайларды реттемейінше, Алматы трагедиясы қайталанбайды деп сеніммен айта алмаймыз" делінген жазбада.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз